Құпиялылық саясаты
ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ
және дербес деректерді өңдеу жөніндегі саясат
Алматы қ.
Осы «Құпиялылық және дербес деректерді өңдеу жөніндегі саясат» (бұдан әрі — Саясат) VenMart Платформасының (бұдан әрі — Платформа) сайтын, мобильді қосымшасын және өзге де интерфейстерін пайдаланатын адамдардың дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау, қолдану, беру және қорғау тәртібін айқындайды. Дербес деректердің операторы — «VenMart» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі — Оператор немесе VenMart).
Платформаны пайдалану, тіркелу және (немесе) VenMart сервистерін қолдануға бағытталған әрекеттерді жасау, оның ішінде банк картасын байланыстыру, картаны верификациялау, Тестілік операция жүргізу, Ішкі әмиянды пайдалану, сатып алу, Алдын ала авторизация (Холд) жүргізу, Алдын ала авторизацияны растау, Қосымша есептен шығару, Қарызды өтеу, өтініштер жолдау және Платформаның өзге де функцияларын қолдану арқылы Пайдаланушы осы Саясатпен танысқанын растайды және Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша белгіленбесе, осы Саясатта баяндалған талаптарға сай өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.
Осы Саясат VenMart Платформасын пайдалану шарттарымен (жария офертамен) бірге қолданылады және солармен өзара байланыста түсіндіріледі.
1. Жалпы ережелер
- 1.1. Осы Саясат Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңына, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мен қорғау мәселелерін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
- 1.2. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеуді өзі ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады, сондай-ақ осы Саясатқа, Офертаға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді өңдеудің мақсаттарын, көлемін, құрамын және тәсілдерін айқындайды.
- 1.3. Осы Саясат Платформаны пайдалану шеңберінде Оператор өңдейтін Пайдаланушылардың барлық дербес деректеріне қолданылады, оның ішінде тіркелу, авторизациядан өту, банк картасын байланыстыру, Картаны верификациялау, Тестілік операция жүргізу, Ішкі әмиянды пайдалану, сатып алу, Алдын ала авторизация (Холд) жүргізіп, өңдеу, Алдын ала авторизацияны растау, Алдын ала авторизацияны жою, Қосымша есептен шығару, Қарызды тіркеп, өтеу, өтініштерді, қайтару процестерін және Даулы операцияларды қарау.
- 1.4. Оператор дербес деректердің заңдылық, адалдық, құпиялылық, өңдеуді нақты, алдын ала айқындалған, заңды мақсаттарға қол жеткізумен шектеу, сондай-ақ өңделетін деректер көлемін барынша азайту қағидаттары негізінде өңделуін қамтамасыз етеді.
2. Терминдер мен анықтамалар
- 2.1. Дербес деректер — айқындалған немесе айқындалатын Пайдаланушыға қатысты электрондық нұсқада, қағаз түрінде және (немесе) өзге де материалдық тасымалдағышта тіркелген мәліметтер.
- 2.2. Пайдаланушы — VenMart Платформасын қолданатын жеке тұлға.
- 2.3. Оператор — дербес деректерді өңдеуді өзі ұйымдастыратын және (немесе) жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеудің мақсаттары мен тәсілдерін айқындайтын «VenMart» ЖШС.
- 2.4. Дербес деректерді өңдеу — дербес деректермен жасалатын кез келген әрекет немесе әрекеттер жиынтығы, оның ішінде жинау, жазып алу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, пайдалану, беру, алуға рұқсат беру, иесіздендіру, бұғаттау және жою.
- 2.5. Дербес деректерді иесіздендіру — дербес деректердің нақты бір Пайдаланушыға тиесілі екенін қосымша ақпаратсыз анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер.
- 2.6. Платформа — бағдарламалық жасақтаманың, серверлік инфрақұрылымның, сайттың, мобильді қосымшаның, интерфейстердің және біріктірілген VenMart вендинг аппараттарының жиынтығы.
- 2.7. Төлем серіктесі — Платформа шеңберінде қолма-қол ақшасыз төлемдер жасайтын, банк картасын токенизациялайтын, карталық операцияларды өңдейтін және төлем күйлерін беретін «TipTop Pay» ЖШС және (немесе) өзге ұйым.
- 2.8. Байланыстырылған карта — Төлем серіктесінің төлем инфрақұрылымын қолдану арқылы Платформаға қосылған Пайдаланушының банк картасы.
- 2.9. Ішкі әмиян —Платформа мен Офертада нақты көрсетілген тауарлар мен өзге де операцияларды төлеу үшін қолданылатын VenMart жүйесіндегі Пайдаланушының ішкі есептік балансы.
- 2.10. Картаны верификациялау — Пайдаланушының банк картасын Платформаға байланыстыру кезінде тексеру.
- 2.11. Тестілік операция — Картаны верификациялау кезінде жүргізілетін, Төлем серіктесі мен банк-эмитенттің қағидаларына сәйкес кейіннен жойылатын (void) не өзгеше қайтарылатын 100 (жүз) теңге сомасындағы төлем операциясы.
- 2.12. Алдын ала авторизация (Холд) — іс жүзінде таңдалған тауарларды кейіннен төлеу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Пайдаланушының Байланыстырылған картасындағы ақша қаражатын уақытша бұғаттау.
- 2.13. Алдын ала авторизацияны растау — бұрын бұғатталған алдын ала авторизация сомасы шегінде сатып алу сомасын Байланыстырылған картадан түпкілікті есептен шығару.
- 2.14. Алдын ала авторизацияны жою — сатып алу жасалмаса немесе пайдаланушылық сценарий мен операцияның техникалық логикасынан өзгеше жағдай туындаса, холдты жою және Пайдаланушының Байланыстырылған картасындағы ақша қаражатын бұғаттан шығару.
- 2.15. Қосымша есептен шығару — сатып алынған заттың жалпы құны холд сомасынан асып кеткен жағдайда алдын ала авторизация мөлшерінен асатын соманы Байланыстырылған картадан есептен шығару бойынша жеке төлем операциясы.
- 2.16. Сатып алу сессиясы — Пайдаланушыға вендинг аппаратын қолдану рұқсаты берілген сәттен бастап вендинг аппараты жабылып, таңдалған тауарлардың құрамы автоматты түрде тіркелген сәтке дейінгі уақыт кезеңі.
- 2.17. Қарыз — Қосымша есептен шығаруды немесе сатып алынған тауарлар үшін толық есеп айырысуға қажетті өзге де операцияны сәтті жүргізу мүмкін болмаған жағдайда Пайдаланушыда туындайтын сатып алынған зат бойынша төленбеген сома немесе оның бір бөлігі.
- 2.18. Даулы операция — Пайдаланушының сатып алу құрамының, жалпы соманың, Алдын ала авторизацияны жүргізудің, Алдын ала авторизацияны растаудың, Алдын ала авторизацияны жоюдың, Қосымша есептен шығарудың, Ішкі әмиян бойынша операциялардың, Қарызды тіркеудің немесе тауарларды автоматты түрде тіркеу нәтижелерінің дұрыстығымен келіспеуі.
3. Өңделетін дербес деректердің тізбесі
- 3.1. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін осы Саясатта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін ең аз қажетті көлемде өңдейді.
- 3.2. Платформаны пайдалану шеңберінде Оператор деректердің мынадай санаттарын өңдеуі мүмкін.
- 3.2.1. Сәйкестендіру және есептік деректер
- Платформадағы Пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші;
- Платформаның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық сәйкестендіргіштер, сессия токендері, авторизация токендері және өзге де есептік деректер;
- құжаттардың күні, уақыты және нұсқасын қоса алғанда, тіркелу, авторизациядан өту, Оферта мен Саясатты қабылдау фактісі туралы мәліметтер.
- 3.2.2. Платформаны пайдалануға және сатып алуға қатысты деректер
Сатып алу сессиялары туралы мәліметтер;
Пайдаланушының Платформадағы әрекеттері туралы мәліметтер;
таңдалған тауарлар, сатып алу құрамы және сатып алынған заттың жалпы сомасы туралы мәліметтер;
сатып алу, қайтару, жою, Даулы операция және Қарыз күйлері туралы мәліметтер;
Пайдаланушы таңдаған төлем тәсілі туралы мәліметтер;
Ішкі әмияндағы қаражатты есепке жазу, резервтеу, бұғаттау, есептен шығару, пайдаланылмаған қалдықты қайтару, түзету және қалдық туралы мәліметтер.
- 3.2.3. Байланыс деректері
электрондық пошта мекенжайы;
телефон нөмірі;
қолдау қызметіне жүгінген кезде немесе Платформа функционалында көзделген өзге жағдайларда Пайдаланушы ұсынған өзге де байланыс деректері.
- 3.2.4. Төлем және төлеуге байланысты деректер
картаны байланыстыру фактісі туралы мәліметтер;
Картаны верификациялаудан өткізу және Тестілік операцияны жүргізу туралы мәліметтер;
төлем операциясының техникалық сәйкестендіргіштері;
Алдын ала авторизацияның сәтті немесе сәтсіз жүргізілгені туралы мәліметтер;
Алдын ала авторизацияны растау туралы мәліметтер;
Алдын ала авторизацияны жою туралы мәліметтер;
Қосымша есептен шығарудың сәтті немесе сәтсіз жүргізілгені туралы мәліметтер;
төлем операциясын қайтару, жою немесе қабылдамау туралы мәліметтер;
Қарыздың болуы, мөлшері, мәртебесінің өзгеруі және өтелуі туралы мәліметтер;
төлем құралы туралы жасырылған және (немесе) техникалық деректер (егер Төлем серіктесі мұндай деректерді Операторға рұқсат етілген көлемде берсе);
Ішкі әмиянға және тауарларды төлеуге байланысты операциялар тарихы.
- 3.2.5. Техникалық деректер
IP-мекенжай;
операциялардың күні мен уақыты;
Платформаға кіру үшін Пайдаланушы қолданатын құрылғы, браузер, операциялық жүйе, қосымша және бағдарламалық жасақтама туралы мәліметтер;
Платформаны пайдалануға байланысты техникалық журналдар, қателер журналдары және оқиғалар журналдары.
- 3.2.6. Бейнебақылау және дәлелдемелік дерекқорлар
фотосуреттер;
қысқа мерзімді бейнежазбалар;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, теріс пайдалануды болдырмау, оқиғаларды тергеп-тексеру және даулы жағдайларды шешу мақсатында қалыптастырылатын техникалық журналдар мен өзге де материалдар.
- 3.3. Оператор Пайдаланушылардың банк карталарының толық деректемелерін, оның ішінде картаның толық нөмірін, CVC/CVV-кодын және Төлем серіктесінің немесе банктың өзі өңдейтін өзге де деректерді жинамайды, сақтамайды және өңдемейді.
- 3.4. Төлем инфрақұрылымына қатысты Оператор тек келесі мақсаттар үшін қажетті мәліметтерді ғана алады және өңдейді:
- төлем операциясын Пайдаланушымен байланыстыру;
- Картаны верификациялау мен Тестілік операцияның күйін көрсету;
- Алдын ала авторизация, Алдын ала авторизацияны растау, Алдын ала авторизацияны жою және Қосымша есептен шығарудың күйін көрсету;
- Ішкі әмиянды жүргізу;
- Қарызды тіркеу және реттеу;
- қайтару және жою процестерін, Даулы операцияларды өңдеу;
- Офертаны және осы Саясатты орындау.
- 3.5. Тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, сондай-ақ төлем операциясын жүргізу үшін Төлем серіктесіне қажетті өзге де деректерді сол Төлем серіктесі өз құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзі өңдеуі мүмкін. Операторға берілмейтін бөлігінде мұндай деректерді Оператор алмайды, сақтамайды және өңдемейді.
- 3.6. Пайдаланушының биометриялық дербес деректері, оның ішінде бет бейнесі, алақан немесе өзге де биометриялық белгілер бойынша аутентификациялау үшін үшінші тұлғалар пайдаланатын деректер, егер бұл Саясаттың жеке редакциясында анық көрсетілмесе және бөлек құқықтық негізбен әрі Пайдаланушының тиісті келісімімен қоса берілмесе, Оператор тарапынан өңделмейді.
4. Дәлелдемелік база және бейнефиксация
- 4.1. Автоматтандырылған құрылғыларды қауіпсіз пайдалану, тауарларды есепке алудың дұрыстығын қамтамасыз ету, операциялардың жасалғанын растау және даулы жағдайларды шешу мақсатында вендинг аппараты орналасқан аймақта техникалық оқиғаларды тіркеу, оның ішінде фото және (немесе) қысқа бейнежазба жүргізілуі мүмкін.
- 4.2. Мұндай материалдар дербес деректерді қамтуы мүмкін және Оператор оларды тек мынадай мақсаттар үшін ең аз қажетті көлемде өңдейді:
теріс пайдалануды болдырмау;
оқиғаларды тергеп-тексеру;
Даулы операциялар мен Пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
Сатып алу құрамын автоматты түрде тіркеудің, Сатып алу сессиясын аяқтаудың, төлем операцияларының, оның ішінде Алдын ала авторизацияның, Алдын ала авторизацияны растаудың, Алдын ала авторизацияны жоюдың, Қосымша есептен шығарудың, Ішкі әмиян бойынша операциялардың және Қарызды тіркеудің дұрыстығын тексеру;
Оператордың, Пайдаланушылардың және өзге де тұлғалардың мүлкін, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау.
- 4.3. Оператор мұндай жазып алуды Пайдаланушыларды биометриялық сәйкестендіру мақсатында пайдаланбайды.
- 4.4. Дәлелдемелік базаның материалдарына қолжетімділік тек Оператордың уәкілетті тұлғаларына немесе заңды негіздерге сай өзге де тұлғаларға өңдеу үшін қажетті көлемде беріледі.
5. Дербес деректерді өңдеу мақсаттары
- 5.1. Пайдаланушылардың дербес деректері Оператор тарапынан Платформаның жұмыс істеуі және Оферта мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындау үшін қажетті мақсаттарда ғана өңделеді, оның ішінде:
Пайдаланушыларға Платформаға кіруге және вендинг аппараттарын қолдануға рұқсат беру;
Пайдаланушының есептік жазбасын тіркеу, авторизациялау және жүргізу;
Сатып алу сессиялары және Платформаны пайдалану туралы ақпаратты тіркеу, өңдеу және сақтау;
Пайдаланушыға сатып алу тарихын және оған байланысты операцияларды көрсету;
Платформаның ақпараттық және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
сервистерді заңсыз пайдаланудың, теріс пайдаланудың, алаяқтықтың, ұрлықтың, мүлікке зиян келтірудің және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алу;
Платформаның, вендинг аппараттарының және Пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау;
Оператордың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
- 5.2. Дербес деректер Оператор тарапынан осы Саясатта көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтін мақсаттар үшін пайдаланылмайды және артық көлемде өңделмейді.
- 5.3. Сатып алу сессиясын автоматты түрде тіркеу, сатып алынған заттың жалпы сомасын анықтау, Алдын ала авторизация, Алдын ала авторизацияны растау, Алдын ала авторизацияны жою, Қосымша есептен шығаруд Ішкі әмиян бойынша операциялар және Қарыз күйін тіркеу Даулы операцияны қарау шеңберінде кейіннен тексеру мүмкіндігімен автоматтандырылған режимде бейнеленеді.
6. Дербес деректерді өңдеудің құқықтық негіздері
- 6.1. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін мынадай құқықтық негіздер бойынша өңдейді:
Пайдаланушының дербес деректерді өңдеуге келісім беруі;
Пайдаланушы тарабы болып табылатын шартты жасасу және орындау үшін дербес деректерді өңдеу қажеттілігі;
Пайдаланушының құқықтары мен бостандықтары бұзылмайтын жағдайда Оператордың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру үшін дербес деректерді өңдеу қажеттілігі;
Қазақстан Республикасының заңнамасында Операторға жүктелген міндеттерді орындау.
- 6.2. Дербес деректер Пайдаланушының келісімі негізінде өңделетін жағдайларда Пайдаланушы мұндай келісімді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен кері қайтарып алуға құқылы, алайда бұл шартты орындау, Ішкі әмиянды жүргізу, операциялар тарихын сақтау, Қарызды реттеу, қайтару процестерін, шағымдар мен Даулы операцияларды қарау, міндетті құжаттаманы жүргізу және заң талаптарын орындау қажеттілігіне байланысты шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
- 6.3. Оператор дербес деректерді өңдеуді Оператор мен Төлем серіктесі арасындағы рөлдердің бөлінуін ескере отырып ұйымдастырады. Егер заңнамада және тараптардың шарттық қатынастарында өзгеше көзделмесе, картаны байланыстыру, Картаны верификациялау, Тестілік операцияны жүргізу, Алдын ала авторизация, Алдын ала авторизацияны растау және жою, Қосымша есептен шығару, қайтару процестері мен өзге де карталық операцияларды қоса алғанда, төлем серіктесі деректерді өзінің төлем инфрақұрылымы шегінде және өз құқықтық негіздері бойынша өңдейді.
7. Дербес деректерді өңдеудің шарттары мен тәсілдері
- 7.1. Пайдаланушылардың дербес деректерін Оператор автоматтандыру құралдарын қолдану арқылы және (немесе) ондай құралдарды қолданбай өңдейді.
- 7.2. Оператор дербес деректерді осы Саясатта көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті көлемде ғана өңдейді.
- 7.3. Оператор дербес деректерді оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан, жоғалтудан, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
- 7.4. Дербес деректерге қолжетімділік өз функцияларын орындау үшін қажетті көлемде тек Оператордың уәкілетті қызметкерлеріне және (немесе) заңды негіздер бойынша дербес деректерді өңдеуге жіберілген өзге де тұлғаларға беріледі.
- 7.5. Дербес деректерді өңдеуге жіберілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына және Оператордың ішкі құжаттарына сәйкес құпиялылықты сақтауға және дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
- 7.6. Дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы анықталған жағдайда Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әрекет етеді.
8. Дербес деректерді сақтау және сақтау мерзімдері
- 8.1. Пайдаланушылардың дербес деректері осы Саясатта көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдер ішінде сақталып, өңделеді.
- 8.2. Дербес деректерді өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгеннен кейін немесе белгіленген сақтау мерзімдері аяқталған соң, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе немесе Даулы операцияларды, қайтару процестерін, шағымдарды қарау, Қарызды реттеу, карталық операциялар мен Ішкі әмиян бойынша операциялар тарихын растау, сондай-ақ оқиғаларды тергеп-тексеру қажеттілігі туындамаса, дербес деректер жойылады немесе иесіздендіріледі.
- 8.3. Дербес деректердің жекелеген санаттарын сақтаудың нақты мерзімдері деректердің сипатын, оларды өңдеу мақсаттарын және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын ескере отырып, Оператордың ішкі құжаттарында белгіленуі мүмкін.
- 8.4. Бейнебақылау жүйелерінің және өзге де техникалық тіркеу құралдарының жұмыс істеуі шеңберінде алынған бейнежазбалар, егер ұзақтау сақтау мерзімі қажет болмаса, жазылған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде сақталады:
Даулы операцияны қарау үшін;
оқиғаны тергеп-тексеру үшін;
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін;
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын орындау үшін;
уәкілетті мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша.
- 8.5. Осы Саясаттың мақсаттары үшін оқиға дегеніміз - Оператор анықтап, тіркеген немесе Пайдаланушы, мемлекеттік орган немесе өзге де уәкілетті тұлға Оператордың назарына жеткізген, қосымша тергеп-тексеруді, дәлелдемелік базаны сақтауды және (немесе) шаралар қабылдауды талап ететін оқиға.
9. Дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру
- 9.1. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін тек осы Саясатта көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті көлемде және тек мынадай жағдайларда үшінші тұлғаларға беруге құқылы:
- 9.1.1. Төлем серіктестеріне
- картаны байланыстыру, Картаны верификациялау, Тестілік операцияны жүргізу, Алдын ала авторизациядан өткізу, Алдын ала авторизацияны растау, Алдын ала авторизацияны жою, Қосымша есептен шығару, қайтару, операцияны жою, төлем мәртебелерін растау және қолма-қол ақшасыз төлемге байланысты өзге де әрекеттерді орындау үшін қажетті көлемде.
- 9.1.2. Платформаны техникалық қолдауды және сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлғаларға
- Құпиялылық талаптарын және қолданыстағы заңнаманы сақтаған жағдайда Платформаның жұмыс істеуі, ақауларды жою, оқиғаларды тергеп-тексеру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде.
- 9.1.3. Мемлекеттік органдарға және өзге де уәкілетті тұлғаларға
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген жағдайларда және тәртіппен.
- 9.1.4. Өзге тұлғаларға
- Пайдаланушының келісімі болған кезде немесе өзге заңды негіз болған жағдайда.
- 9.2. Егер осы Саясаттың жеке редакциясында анық белгіленбесе және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмесе, Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін трансшекаралық беруді жүзеге асырмайды.
- 9.3. Егер Пайдаланушының дербес деректерінің бір бөлігі Төлем серіктесі тарапынан өзінің төлем инфрақұрылымы шегінде дербес өңделсе, онда тиісті бөліктегі Пайдаланушы мен мұндай Төлем серіктесі арасындағы қатынастар қосымша түрде сол Төлем серіктесінің құжаттарымен реттеледі.
10. Пайдаланушының құқықтары және Оператордың міндеттері
- 10.1. Пайдаланушының құқықтары
- 10.1.1. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен Оператордың оның дербес деректерін өңдеуіне қатысты ақпаратты алуға құқылы.
- 10.1.2. Егер деректер толық емес, ескірген, анық емес, заңсыз алынған болса немесе мәлімделген өңдеу мақсаттары үшін қажет болмаса, Пайдаланушы өзінің дербес деректерін нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге құқылы.
- 10.1.3. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен дербес деректерді өңдеуге берген келісімін кері қайтарып алуға құқылы, алайда бұл шартты орындауға, Ішкі әмиянды жүргізуге, операциялар тарихына, Қарызды реттеуге, қайтару процестерін, шағымдарды және Даулы операцияларды қарауға, сондай-ақ Алдын ала авторизацияға, Алдын ала авторизацияны растауға, Алдын ала авторизацияны жоюға және Қосымша есептен шығаруға байланысты карталық операциялар туралы ақпаратты сақтауға қатысты шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
- 10.2. Оператордың міндеттері
- 10.2.1. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін осы Саясатқа және Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес өңдеуге міндеттенеді.
- 10.2.2. Оператор Пайдаланушылардың дербес деректерін қорғау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.
- 10.2.3. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен Пайдаланушыға оның дербес деректерін өңдеу туралы ақпарат беруге міндеттенеді.
- 10.3. Пайдаланушының міндеттері
- 10.3.1. Егер мәліметтерді ұсыну Платформаның функционалымен көзделсе, Пайдаланушы Платформаны қолдану үшін қажетті көлемде шынайы мәліметтерді ұсынуға міндеттенеді.
- 10.3.2. Пайдаланушы VenMart сервистерін пайдалану кезінде осы Саясаттың және Офертаның талаптарын сақтауға міндеттенеді.
11. Құпиялылық саясатына өзгерістер енгізу
- 11.1. Оператор Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтай отырып, осы Саясатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
- 11.2. Егер Саясаттың өз редакциясында немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Саясаттың жаңа редакциясы Платформада орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.
- 11.3. Егер өзгерістер Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеудің мақсаттарына, көлеміне немесе тәсілдеріне әсер етсе, мұндай өзгерістер Платформада Саясаттың жаңартылған редакциясын орналастыру және қажет болған жағдайда Пайдаланушының келісімін қайта алу арқылы Пайдаланушылардың назарына жеткізіледі.
12. Қорытынды ережелер
- 12.1. Осы Саясат VenMart Платформасын пайдалану шарттарымен (жария офертамен) бірге қолданылады және солармен өзара байланыста түсіндіріледі.
- 12.2. Дербес деректерді өңдеу бөлігінде осы Саясат пен Оферта ережелері арасында қайшылықтар болған жағдайда, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, осы Саясаттың ережелері қолданылады.
- 12.3. Осы Саясат жалпыға қолжетімді құжатқа жатады және тұлғалардың шектеусіз тобы танысуы үшін Платформада орналастырылады.
13. Оператордың байланыс ақпараты
«VenMart» ЖШС
БСН 250740007924
Мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Байзақов көшесі, 252-үй, 1-үй-жай
Email: info@venmart.kz
Email: info@venmart.kz